Елімізде күріш бағасы тағы қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде күріш бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

22.01.2024

Елімізде күріш бағасы тағы өсуі мүмкін. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарлауынша, бұған суармалы судың жетіспеушілігі, агротехниканың қымбаттауы және субсидияның уақтылы берілмеуі себеп. 

Күріш өндірісі қазірдің өзінде төмендеген. Егістік алқаптары да азайған. Ал күріштің құны бір жылда 39 пайызға көтерілді. Былтыр бағаны негізсіз өсірген 6 өндірушіге 68 млн теңге айыппұл салынды. Агенттік бағаны реттеу үшін күріш өндірушілерге субсидияны көбірек бөлуді және өңірлерге суармалы суды жеткізудің нақты жоспарын бекітуді ұсынып отыр.


Хабарламаларға жазылу