Нарықта жұмыртқа сататын делдалдар көбейіп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нарықта жұмыртқа сататын делдалдар көбейіп кетті

22.01.2024

Нарықта жұмыртқа сататын делдал қаптап кетті. Олар сауда желілеріне тауарды негізсіз қымбатқа сатқан. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Жұмыртқа өндірушілерге қатысты да тергеу жүргізілген. 8 құс фабрикасына 125 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жалпы елімізде жұмыртқа өндірісі жылдан-жылға азайып келеді. Былтыр экспорт көлемі 17 пайызға төмендесе, импорт керісінше 50 пайызға артты. Бағаның өсуіне, сонымен бірге ветеринарлық препараттардың қымбаттауы да әсер етіп отыр.


Хабарламаларға жазылу