Марқакөлдегі қар құрсауында қалған Ұранқай ауылына жол ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марқакөлдегі қар құрсауында қалған Ұранқай ауылына жол ашылды

19.01.2024

Шығыстағы Марқакөл ауданындағы қар құрсауында қалған Ұранқай ауылына бүгін жол ашылды. Ең шеттегі –Шанғаты ауылының электр желесі жөнделіп, жарыққа қайта қосылды. Бірақ бұл шағын елдімекен әлі сыртпен байланыссыз отыр. Ал қалың қардың астындағы кейбір ауылдардың өрістегі малы ашыға бастады. Өйткені жайылымдықтың көбі мұз. Сондықтан тебіндіктегі кейбір жылқылар бір-бірінің жал- құйрығын жеп жатыр. Аймақтағы бүгінгі ахуалға тілшіміз Олжас Керейхан шолу жасайды.

Марқакөл өңіріндегің ел тебіндіктегі жылқыны етекке түсіру үшін барлық айла- шарғыны жасап жатыр. Әр ауылдан жігіттер топтасып , қалыңдығы 2 метр сүрі қарды аттың күшімен бұзып барады.

Алғашқы жаңбыр аралас қар жауғаннан бері жарты ай болды. Содан бері жылқы тебіндікте сіресіп тұр. Дегенмен әбден ашыққан кейбір үйірлер бір-бірінің жал құйырығын жалмап жатыр. 

Төсақайың ауылдық округіне қарасты ел таудағы жылқысының көбін етекке түсіріп үлгерді. Енді бірлі- жарым тай-байталын түгендеп жатыр.

Мейіржан Әлібеков, Күршім ауданы әкімінің орынбасары:

Жайыламдағы жылқы малының кординаттары белгілі. Олар бойынша да жұмыстар жалғасуда. Бұл орайда сол ауылдың азаматтарына, жерлестерге үлкен алғыс білдіру керек.Техниканың жетпей жатқаны белгілі. Дегенмен азаматтар осы жұмыстарды жасап жатыр.

Қазір Марқакөл өңірінде 12 техника жолдағы қарды тоқтаусыз күреп жүр. Кеше Қараой мен Қайнарлы ауылының жолы ашылды. Әзірше Шанағаты, Төсқайың, Балықтыбұлақ, Бұғымүйіз ауылдары қар құрсауында оытр. Алғаш қарлы дауыл соққанда-ақ жарықсыз қалған Шанағытаға бүгін энергия берілді.

Тимур Әйкенов, «Марқакөл» мемлекеттік табиғи қорығының директоры:

Бұйыртса келген техникамыз сол бағытқа шығады. Жолды күрейді. Тазалайды. 1-2 ауылда жарық болмады. Шаңғымен желілердің астын аралап жүріп, кмшіліктерді жойып, бүгін 9.30 дан бастап, Шанағаты ауылында жарық жанды. Ар жағындағы Маралды заставасында жарық болмай тұр. Енді қазір жігттер арнайы қар мотациклмен шығып , кемшілікті тауып, бұйыртса жарық қосылады.

Жолы қардан тазаланып, сыртпен байланыса бастаған ауылдың тұрығындары бұрнығыдай бұйығы қоңырқай тірлігіне көшті. Дегенмен Марқакөл өңірінде табиғи сипаттағы жарияланған төтенше жағдай әлі сақталып тұр.


Олжас Кернейхан

Хабарламаларға жазылу