Брюссельде халықаралық автокөрме ашылды
Брюссельде халықаралық автокөрме ашылды. Автошоуға көлік шығарумен айналысатын 100-ге жуық концерн қатысып жатыр. Компаниялар көпшілік назарына 400-ден астам автомобиль, мотоцикл мен жүк көлігін ұсынып отыр. Жайдақ, жол талғамайтын, спорттық үлгідегіден бөлек, электрлі, гибридті көліктердің де түр-түрі жұрт назарында. Биылғы көрмеге тұңғыш рет британдық MG және америкалық Fisker компанияларының автомобильдері қойылды. Ұйымдастырушылар, 5 күнге созылатын автошоуды 100 мыңнан астам адам тамашалайды деп отыр.
Жан Ванхавер, MG компаниясының Бельгиядағы өкілі:
Біз көрмеге су жаңа MG Cyberster көлігін әкелдік. Экокар сағатына 100 шақырым жүруге қауқарлы. Қуаты 536 аттың күшіне тең. Толық қуатталған батареясы 576 шақырым жол жүруге жетеді.
Арно Райхэль, көрермен:
Мен Германиядан Брюссельдің автошоуын көруге арнайы келдім. Көрменің жаңа форматы ұнады. Енді бірінен бірі өтетін көліктің ішінен біреуін таңдауым керек.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17