Солтүстік Қазақстанда жедел жәрдем қызметіне жаңа ғимарат керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда жедел жәрдем қызметіне жаңа ғимарат керек

18.01.2024

Петропавлдағы желдел жәрдем қызметінің дәрігерлері жұмыста жағдай жасалмағанына шағымданды. Салынғанына 120 жыл болған ғимараттың жалпы ауданы 200 шаршы метр. Ұжымда 500 адам еңбек етеді. Дәрігерлер демалатын бөлмелер болмағандықтан, көлік тұратын гаражды жарақтауға тура келген. Аядай ғана жерде 10-15 кереуеттен қойылған.

Дастан Оразаев, Дәрігер

Біз 24 сағат жұмыс істеген кезде, демалмайсың. Өйткені мұнда ауа жетпейді. Қан шашырап, үстіміз не болса, жуынатын душ жоқ. Санитарлық нормаларға сай емес.

Нысан басшылығының айтуынша, кабинеттер жетіспейді. «Медициналық қондырғыларды сақтайтын қоймалар жоқ. 25 жедел жәрдем көлігінің тең жартысы далада тұрады. Мәселе бірнеше мәрте көтерілгенімен, шешімін таппай келеді», - дейді медициналық мекеме басшылығы. Денсаулық сақтау министрлігінгің мәліметінше, еліміздегі медицина ғимараттарының 40 пайызы тозған, 20 проценті бүгінгі заман талаптарына сай келмейді.

Эльмира Каленова

Хабарламаларға жазылу