Тарихшы: Наурыз мейрамын 10 күн тойлаған жөн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарихшы: Наурыз мейрамын 10 күн тойлаған жөн

18.01.2024

Ұлыстың ұлы күні әз-Наурызды тойлауды жаңғырта түсу керек. Тарихшылар мен этнографтар, халқымыз үшін аса құнды мейрамның мазмұнын байыту үшін салт-дәстүрімізді дәріптеу қажет, - дейді. Наурызды белгілі бір датада емес, ауқымды атап өткен жөн дейді.

Хангелді Әбжанов, Тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Мәшһүр Жүсіп Көпеев айтады: қазақтар наурызды 10 күн тойлаған дейді. Жаны бар сөз. Іргедегі Қытай өзінің жаңа жылын бір ай тойлайды ғой. Мынау Наурызды тойлаған халықтарда соның ықпалымен демеймін, маңызын жете түсінгендіктен 10 күнге созған ғой. Мүмкін бізде соған жетуіміз керек шығар.

Тәттігүл Қартаева, этнограф-ғалым, профессор:

Байырғы кезеңде, өткен замандарда деп айтсақ болады, жаңа жылдың келуін көктемнің бірінші күнінде күткен, көктемнің алғашқы күні ол жаңа жылдың алғашқы күні болып саналған, оны қарт наурыз, одан кейін күн мен түннің теңелетін уақытын оны жас наурыз деп айтқан Наурыз мерекесін қарсы алу, наурыз мерекесіндегі көрісу, наурыз көже пісіру, наурыз батасын алу ол сақталып жеткен ғұрыптар, ол мұғал ошақ қазу, қауақ сындыру, оттан секіру бұл жойылып кеткен ғұрыптар деп айтсақ болады

Әйгерім Ердаулет

Хабарламаларға жазылу