Оралда дәмханадағы жарылыстан зардап шеккен адамдардың хәлі орташа
Оралда дәмханадағы жарылыстан зардап шегіп, ауруханада жатқан адамдардың хәлі орташа. Даяшы болып жұмыс істеген екі бойжеткенді туыстары Самара қаласындағы күйік орталығына алып кеткен. Ал бір Өзбекстан азаматы жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған екі ер адам палатаға ауыстырылған. Дәрігердің айтуынша, олардың жағдайлары орташа.
Айта кетейік, «Ризық» дәмханасындағы жарылыс пен өрттен үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алған болатын. Ал қатты дүмпуден терезесі сынып, қабырғасы бүлінген көрші үйдегі 4 пәтер мен екі бизнес нысанның шығынын мердігер өтеді. Жарылыс пен өрттің неден шыққаны әлі анықталған жоқ.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаркентте көпқабатты үйлерді жөндей бастады
21.04.2026, 13:22
Қос міндетті қатар атқарған маман
21.04.2026, 13:20
Тегеран талабы қандай?
21.04.2026, 13:18
«Шындығын жоғалтпаған ақын» деректі фильмін көріңіз
21.04.2026, 13:15
Халық Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 13:13
Ерекше баласы бар отбасыларға қолдау артады
21.04.2026, 13:10
Қатерлі ісікті анықтау көрсеткіші 35 пайызға артты
21.04.2026, 13:07
Павлодарда МӘМС қаржысы ұрланған
21.04.2026, 13:05