Министр: «Қазақфильмнің» аумағындағы жер учаскесі мемлекетке тиесілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр: «Қазақфильмнің» аумағындағы жер учаскесі мемлекетке тиесілі

17.01.2024

Мәдениет және ақпарат министрі Қазақфильм киностудиясы аумағындағы жер учаскесінің айналасындағы дау-дамайға қатысты пікір білдірді. Аида Балаеваның айтуынша, аталған учаске мемлекет меншігінде. Сондықтан оған қатысты ешқандай бәсекелестік болуы мүмкін емес. Еске салайық, 2018 жылы жер қатынастары басқармасы Қазақфильм аумағындағы 5,5 гектар жерді алып, ұлттық-мәдени кешен салуды жоспарлаған. Бірақ, әлі күнге жүзеге асырмаған. Ал, жер телімін пайлалану мерзімі осыдан 4 жыл бұрын аяқталған. Сондай-ақ министр «Қазақфильмге» кино өнідірісін қайта жандандыруға, түрлі фестивальдер ұйымдастырып, дубляж өнідірісін қолға алуға мүмкіндік берілетінін айтты. Оған қоса, түсірілім павильонын жаңарту бойынша конкурстық рәсімдер жасалған. Киностудия инфрақұрылымы мен жабдықтарын жөндеуге қаражат салатын инвестор тарту да көзделіп отыр.


Хабарламаларға жазылу