Батыс Қазақстан облысында киіктің санын реттеу қайта басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында киіктің санын реттеу қайта басталды

17.01.2024

Қаңтардың 10-да басталған іс-шара 29 ақпанға дейін жалғасады. Биыл да өңірде 200 мыңнан астам киіктің басын шектеуге рұқсат берілген. Реттеу тор құрып аулау және ату арқылы жүзеге асырылады.

Қазір 23 адамнан тұратын 8 топ іске кіріскен. Алайда ауа райының қолайсыздығы оларға қолбайлау болып тұр. Былтыр 20 мыңнан аса киік атып-ауланып, еті өндіріске жіберілді. Ал мүйізі Алматыдағы «Охотзоопром» мекемесінің бас кеңсесінде сақталады.

Талғат Кенжеахметов, «Охотзоопром» РМК БҚО Филиалы басшысының орынбасары:

Қазіргі таңда 125 бас киік санын алдық. Олар ет комбинатына жеткізіліп жатыр. Яғни біз 7 ет комбинатымен келісімшартқа отырдық. Солармен жұмыс істеп жатырмыз. Ауа райына байланысты көптеген бригада-топтар жұмыс істей алмай жатыр. Қар жауып, асты мұздақ болып, техникалар жүре алмай жатыр.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу