Каспий құбыр консорциумында мұнай тиеу тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий құбыр консорциумында мұнай тиеу тоқтатылды

17.01.2024

Каспий құбыр консорциумы ауа райының қолайсыздығына байланысты мұнай тиеуді уақытша тоқтатты. «Консорциум мұнайдың төгілмеуін барынша қадағалап, қоршаған орта мен еңбек қауіпсіздігін сақтау және апаттық жағдайларды болдырмау ұстанымын қолдайды. Сондықтан жұмыстарды уақытша тоқтату қажет болды» - делінген компанияның хабарламасында.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу