Аustralian Open 2024: Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракетакасы Каролина Плишкованы жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аustralian Open 2024: Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракетакасы Каролина Плишкованы жеңді

16.01.2024

Австралия чемпионатында Александр Бублик жарыс жолынан шығып қалды. Еліміздің ерлер арасындағы бірінші ракеткасы үндістандық теннисші Сумит Нагалмен кездесті. Жекелей сындағы бірінші айналымда Александр Бублик қарсыласынан 4:6, 2:6 және 6:7 есебімен жеңілді. Айта кету керек, қарсыластар бұрын-соңды кездеспеген. Мельбурнда өткен матч 2 сағат 38 минутқа созылды. Бублик 13 эйс, тоғыз қос қателік жасады. Алайда жеті брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Есесіне Елена Рыбакинаның асығы алшысынан түсті. Ол доданың алғашқы айналымында әлемнің бұрынғы бірінші ракетакасы Каролина Плишкованы жеңді. Чех теннисшісі бірінші партияда брейк жасап, 2:0 есебімен алға шыққанымен, Рыбакина таразы басын теңестіре алды. Тай-брейкте Рыбакина 3:6 есебімен жеңіліп келе жатып, қатарынан 5 допты тиімді пайдаланып, 8:6 есебімен басым түсті. Қорытынды есеп -- 6:4. Енді Қазақстанның үздік теннисшісі екінші айналымда әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу