Риддер қаласындағы көпқабатты үйдің тұрғындары әлі тоңып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддер қаласындағы көпқабатты үйдің тұрғындары әлі тоңып отыр

16.01.2024

Шығыстағы Риддер қаласындағы кейбір көпқабатты үйдің тұрғындары әлі тоңып отыр. Өйткені ондай баспаналардың ішкі жылу жүйесіндегі ақау реттелмеген. Сондықтан тұрғындар жылудың қысымын көтеру үшін жертөлеге арнайы насос орнатып алған. Ал қаладағы орталық жылу құбырының 80 пайыздан астамы тозып тұр.

Жазда сәл жақсы болғанмен қыс түсе кейбір үйлердің жылуы нашар. Негізінен көпқабатты ескі баспаналар жылымайды. Өйткені ішкі жылу жүйлері әбден ескірген. Есік терезесі тесік.

Лариса Щербина,  Риддер қаласының тұрғыны:

Біздің квартал талайдан бері жылусыз отырмыз. Былтыр ЖЭО да қалай апат болды . Содан бері дұрыс жылынбадық. Ыстық суды мүлде қолдана алмаймыз. Оны жылтатын құралды үш жыл бұрын ауыстырсақ та пайдасы жоқ.

Былтыр қыстан қалтырап шыққан риддерліктер барлық айла шарғыны жасады. Көпқабатты үйдің жертөлесіне жылудың қысымын көтеретін насостар орнатты. Ал биыл ол құрылғылардың пайдасынан зияны көп.

Галина Гельдерман, Риддер қаласы мәслихатының депутаты:

Бүгінге дейін шамамен 100 ге жуық насос алынды. Оның бәрін тұрығдар өздері заңсыз орнатқан Осының кесірінен көрші көпқабатты үйлер жылусыз қалады. Ал кейбір пәтер иелері ішкі жылу жүйесін мүлде жаңаламаған. Есік пен терездегі тескітен суық соғып тұр. Суық пәтрелерде осындай кемшіліктер бар.

Кемшіліксіз пәтер кемде-кем. Қалада көпқабатты 407 үй болса, 90 пайызы ескі.Дегенмен Риддерде қанша үйдің қысқа дайын емес екенін осы салаға жауапты бөлім басшылары да нақты білмейді.

Рауан Құрметұлы, Риддер қаласы ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

Кейбір көпқабатты үйлерде жеке пәтер иелері коопаративі жоқ. Тек өзін өзі басқарушылар ғана бар. Негізінен осындай үйлер суық. Біз осындай қараусыз үйлерді тексеріп, енді монитроинг жасаймыз.

Риддердегі жылылту электр орталығын жөндеуге былтыр мемлекет 8 миллиард 500 миллион теңге бөлді. Қаладағы 120 шақырым жылу құбырының 80 пайызы ескі. 2023 жылы бар-жоғы 2,5 шақырым құбыр ғана жаңаланды.

Кирилл Голотта, коммуналдық кәсіпорынның бас инженерінің орынбасары:

Орталық құбырды кезек күттірмейц жөндеу қажет. Енді барлық қаражат пен күшті соған жұмылдырамыз.Қазір жоба-жоспарын жасап жатырмыз. Ең алдымен құбырдың ең ескі бөліктері жаңаланады.

Риддерде жылу ғана емес. Қыс түсе суық сусыз қалатын кездер болады. Биыл да ол жағдай қайталанды. Громотуха өзені арнасына қар көшкіні түсіп, халық бір тәулік сусыз отырды. Гидро нысанадардағы кептелген көксоқта қарды ыстық сумен еріткен соң жағдай оңалды.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу