Жамбылда бес күннен бері із-түзсіз кеткен балықшылар табылмай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда бес күннен бері із-түзсіз кеткен балықшылар табылмай жатыр

16.01.2024

Жамбылда бес күннен бері із-түзсіз кеткен балықшыларды іздеуге жұмылған адам саны алпыстан асты. Іздеу жұмысына сүңгуірлер мен дрондар да жұмылған. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқ.

Қарабастау ауылының қос тұрғыны Билікөл көліне батып кетуі мүмкін деген болжам бар. Жоғалып кеткендердің бірі 43-те, екіншісі 37 жаста. Екеуінің де отбасы бар. Ауыл азаматтарының айтуынша, олар түс уақытында айдынға салынған ауды тексеруге барған. Ал көлге түскенде кенет күшті жел басталады. Долы дауылдан кейін не қайығы, не ескегі де табылмады. Тұрғындар жоғалған азаматтар тірі табылса деп тілеп отыр. Ал Билікөлдің тереңдігі 4 метрге жетеді. Ені 20 шақырымға жуықтайды. Сондықтан мамандар айдынның аумағын 90 учаскіге бөліп, іздеп жатыр.

Карина Карташова, облыстық ТЖД ресми өкілі:

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздеу жұмыстары күрделенуде. Қазіргі уақытта Билікөл көлі маңында жүргізіліп жатқан іздестіру жұмыстарына Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамынан 14 адам және пилотсыз ұшу аппаратының 3 бірлігі, 4 жүзу құралдары жұмылдырылды және бір бірлік эхолот жұмылдырылды.


Данияр Әлімқұл 

Хабарламаларға жазылу