Алматыда жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

16.01.2024

Алматыда жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті. Оқыс жағдай шаһардағы Орталық стадион маңындағы мұз айдынын салу кезінде болған. Оқиға куәгерлерінің сөзінше, ол жерде жер асты арық жүйесі жүрген. Жүк көлігінің салмағына шыдамай опырылып кеткен болуы мүмкін. Жеңіл жарақат алған көлік жүргізушісі ауруханаға барудан бас тартқан. Полицияның баспасөз қызметі дерек тіркеліп, өндіріс материалдарын тексеру үшін еңбек инспекциясына жібергенін хабарлады. 

Хабарламаларға жазылу