Марқакөл ауданында табиғи сипатта төтенше жағдай жарияланды
Шығыстағы Марқакөл ауданында табиғи сипатта төтенше жағдай жарияланды. Себебі осы өңірдегі ауылдардың көбі қар астында қалды. Қардың қалыңдығынан Төсқайың ауылындағы ишемиялық инсульт алған 71 жастағы әжеге жедел жәрдем жете алмай жатыр. Тікұшақ та ұша алмайды. Ал ауыл тұрғындары қорасындағы малды шығарыып, жем-шөп бере алмай отыр. Аймақтағы қазіргі ахуалды тілшіміз Олжас Керейхан баяндайды.
Олжас Керейхан:
Төсқайыңдағы науқасқа медициналық көмек көрсету үшін облыстан дәрігерлер тобы аттанған. Кеше төтенше жағдай қызметінің арнайы көлігімен Ұранқай ауылына ғана жеткені туралы хабар бар. Ал Ұранқайдан Төсқайыңға дейін тағы 60 шақырым. Дәрігерлер бүгін жетеді деген үміт бар. Ал Қарой, Қарашілік, Төсқайың, Бұғымүйіз және Шанағаты сияқты ауылдарда әлі жол жоқ. Осы шағын елдімекендегі тұрғындар сыртпен мүлде байланыссыз қалды. Ең шеттегі шекараның шебіндегі Шанағаты ауылы жарықсыз қалды. Энергетиктер де жете алмай отыр. Облыстық «шығыс жол» мекемесінің 7 техникасы күндіз-түні қарды күресе де үлгермей жатыр. Өйткені жаңбыр аралас қасат қарға арнайы техниканың да күрегі батпай жатыр. Тіпті кейбір елдімекендегі тұрғындар қорасындағы малға жем-шөп беріп, суатқа жете алмай отыр. Өрістегі жылқылардың көбі қалың қарға көміліп, мелдектеп жатыр.
Олжас Керейхан:
Облыстық жолаушылар көлігі басқармасындағы мамандар бірнеше қосымша ауыр техника аттанғанын хабарлады. Ауыл тұрғындары бүгін боран басылғанын хабарлады. Енді жол ашыла ма деген үміт бар. Есесіне бүгін шығыста аяз қаһарына қайта мінді. Сегіз ауданда төменгі сыныптың оқушылары сабақты онлаин оқып жатыр. Ал Марқакөл өңірндегі қолайсыз ауа райына қатысты жағдайды ақпараттың алдағы шығарылымдарында да айтатын боламыз.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10