Атырауда тұратын шетелдік азаматша 50-ден аса күйді меңгерген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда тұратын шетелдік азаматша 50-ден аса күйді меңгерген

15.01.2024

Ұлыбританиядан Атырауға көшіп келген Сабина Мастерс домбыраның құлағында ойнайды. 57 жастағы шетел азаматы қазақ өнеріне ғашық екенін айтады. Тіпті күйшілер сайысына да қатысып, арнайы сыйлықпен марапатталған. Кейіпкермен меншікті тілшіміз Нұрсұлтан Нұрсейіт тілдесіп қайтты.

Сабина Мастерс Атырау қаласына 4 жыл бұрын жолдасының жұмыс бабымен көшіп келген. Ұлты неміс. Қазақтың өнері мен мәдениетіне қызыққан әйел домбыра үйреніп, бүгінде 50 күйді жатқа біледі. Күн сайын төрт сағат уақытын домбыра сабағына арнайды екен.

Сабина Мастерс, Шетел азаматы:

- АУДАРМА: Басқа елден келген соң қазақ халқының мәдениетіне, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына қызығушылық туып, зерттей бастадым. Бірде халықтық аспаптар оркестрінің концертіне барып, сол жерде домбырашылардың өнерін көріп, күйге қызығушылығым артты.

КСМ: Шарадан шабыт алған Сабина қазақтың ұлттық аспабын үйренемін деп өзіне мақсат қояды. Алғашында ұстаз таба алмай қиналған. Сөйтіп домбыра үйірмесінің ұстазы Ерлан Сақтаев сынақ мерзімге алуға келіскен. Уақыт өте домбыраға әбден машықтанып, Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Динаның, Шалкиіздің, т.б күйшілердің туындыларын жатқа үйренген.

СНХ: Ерлан Сақтаев, Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясының оқытушысы

- Басында ойлағанмын жай қызығушылық, бастайды да сосын қоя салатын болар деп. +++ Әрбір сабақ сайын бұл кісінің құштарлығы ашыла бастады. Белгілі бір күйді бергенде нотасымен үйретіп, ол әлеуметтік желіден қарап отыратын сол күйшінің, күйдің тарихын барлығын.(23 сек)

КСМ: Сабина отбасымен музыкаға жақын. Неміс ұлтының өкілі қыркүйек айында Атырауда өткен «Алтын домбыра» VI Халықаралық дәстүрлі күйшілер сайысына қатысып, арнайы сыйлықпен марапатталған. Алдағы уақытта да дүбірлі додаларда өнер көрсетіп, сүйікті ісін әрі қарай жалғастырмақ ниетте.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу