Қамауда отырған азаматтар үшін «Татулық» жобасы жұмысын бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қамауда отырған азаматтар үшін «Татулық» жобасы жұмысын бастайды

15.01.2024

Отбасылық өмірде ашу-ызаға бой беріп, күш қолдануына байланысты түзеу мекемелерінде уақытша қамауда отырған азаматтар үшін «Татулық» жобасы жұмысын бастайды. Бұл туралы бүгін «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің өкілдері мәлімдеді. Жобаға 20 мен 50 жас аралығындағы 120 ер адам қатысады. Мақсат азаматтарды кез келген дау-дамайда өзін басқаруды үйрету, психологиялық көмек беру дейді ведомство өкілі Жансая Бердімұрат.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу