Еліміздің 9 аймағында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Кешелі-бері ауа райының қолайсыздығына байланысты елімізде 9 аймағындағы 42 учаскедегі тасжолдарда барлық көлік түріне шектеу енгізілді. Бірнеше аймақта оқушылар онлайн оқып жатыр. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында соңғы екі тәуліктен бері ауа райы тұрақсыз. Солтүстік таулы аудандарда қар аралас жаңбырлы дауыл соғып тұр. Салдарынан қар көшкіні жүріп жатыр.
Павлодардан 160 шақырым қашықтықтағы Ертіс ауданы Ынтымақ ауылы тұсында жеңіл көлік сынып, жолаушылары елдімекенге жаяу жетуге мәжбүр болған. Себебі үскірік аязда бір жерде отырып қалу қауіпті болды. Жолаушының екеуі жолай кездескен басқа автокөлікке отырып кеткен. Ал қалған екі адам құтқарушыларды шақырды.
Рустам Шакимаев, құтқарылған жолаушы:
Құтқарушыларға рахмет. Жылдам жетті. Бетім үсіп кете жаздады. Бораннан түк көрінбейді. Бәлкім адасып та кетер ме едік. Міне, жылы көліктің ішінде отырып үйге бара жатырмыз.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30
Семейде достық фестивалі өтті
01.05.2026, 20:30