Маңғыстау облысында аққулардан құс тұмауы жұғуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында аққулардан құс тұмауы жұғуы мүмкін

13.01.2024

Маңғыстауда эпидемиологтар тұрғындарды Қаракөлге бармауға шақырды. Құс тұмауы жұғуы мүмкін. Қазір аймақта маусымдық респираторлық вирустық инфекция өршіп тұр. Ал мұндай кезде құс тұмауының адамдар арасында таралу қаупі бар. Соңғы мәліметтер бойынша, Қаракөлде қырылған аққу саны мыңға жуықтады. Оның басым бөлігі сыбырлақ аққудың балапаны. Зерттеу барысында құстардан «H5N1» азиялық штамы табылған.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу