Қазақ әскері Орталық Азияда көшбасшы қатарына енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ әскері Орталық Азияда көшбасшы қатарына енді

12.01.2024

Қазақ әскері Орталық Азияда көшбасшы атанды. Global Firepower порталы әскери әлеует деңгейі бойынша жылдық рейтингін жариялады. Қазақстан әскері 145 мемлекеттің ішінде 58-ші орынға тұрақтады.

Бұл Орталық Азиядағы үздік көрсеткіш. Әр мемлекеттің әскері 60 түрлі критерий есебі бойынша бағаланған. Оның ішінде әскери бөлімшелер, адам ресурсы, қаржы жағдайы, технологиялық даму, географиялық орналасуы, мобильділігі, тағы басқалары бар. Үздіктердің тізімінде АҚШ, Ресей мен Қытай алғашқы орындарға жайғасқан.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу