Жоғалған құтқарушыларды іздестіру жұмыстары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғалған құтқарушыларды іздестіру жұмыстары күшейтілді

11.01.2024

«Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы апатты зерттеу мақсатында құрылған комиссия мүшелері шыңыраудың түбіне түсіп, ойықтың пайда болу себептеріне болжам жасады. Сондай-ақ бүгін іздестіру-құтқару жұмыстарына қосымша техника келді. Салмағы 3,5 тонналық шағын эксковатор ауыр техника жол ашқаннан кейін, шұңқырдың түбінде қазба жұмыстарын жүргізуге қатысады.

Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары шұңқырдың түбінде маркшейдер рейкасын орнату және автобустың болжамды орналасқан жерін сигналдық лентамен белгілеу бойынша жұмыстар жүргізді.

Техниканың өтуі үшін бағаналы жолды кеңейту жұмыстары жалғасуда.


Хабарламаларға жазылу