Жұмыссыздардың ресми тіркелгені маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыссыздардың ресми тіркелгені маңызды

11.01.2024

Жұмыссыз қалғандар ресми тіркеліп қойғаны дұрыс. Сонда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қызметін тегін алады. Жұмыссыз мәртебесін ресми растаудың тиімді тұстарын әріптесім Қаракөз Тұрмағанбет тарқатады.

Астана тұрғыны Аида дәрігерден өзіне сақтандыру төленбегенін білгеннен кейін, 1414 байланыс орталығына хабарласып көмек сұрап жатыр. Себебі оған емханада қызмет көрсетуден бас тартқан. Себебі, баласы 3 жасқа толғанша декреттік демалыста болған Аида қазір жұмыссыз. Алайда ресми тіркелмегендіктен, дасақтандыруға ешкім ақша аудармаған.

Олжас Омар, «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры:

Тіркелмесе, ол тек өзіне жұмыссыз деп айтуға болады. бізде ол жұмыссыз тек тіркелген, ресми түрде тіркелген адам ол жұмыссыз. Ал мүмкін ол уақытша жұмыс істеп курьер боп, такси ма әртүрлі жұмыспен айналысса, онда ол жұмыссыз емес, өзін-өзі қамтыған азамат.

Аяулым Омарова, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бас сарапшысы:

Өзін-өзі қамтитын дербес төлеушілер төлемдерін төлемей отқан жағдайда олардың мәртебесі сақтандырылмаған болады. 10,09 төлемдер міндетті болып табылады. бұл заң бәрімізге ортақ. ол заңды білмегеніңіз сізді заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайды.

Қаракөз Тұрмағанбет, тілші:

Аида сияқты жұмыссыз қалған, алайда мәртебесі расталмаған жандар не істейді? Екінші деңгейлі банкінің қосымшасына кіресіз де, төлем санатынан 122 деген төлем мақсаты кодын тересіз.

Оның ішінде жеке кәсіпкерлігі жоқ азамат өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін деген төлем түрін таңдайды. Сөйтіп, төленбеген айларға жарнасын салып, МӘМС аясындағы медициналық қызметтерге қайтадан қол жеткізе алады.

Аяулым Омарова, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бас сарапшысы:

Өткен айларға төлемей, болашақ 12 айға төлеуге болады. Өткен айлардың, өткен жылдардың қарыздары есептелмейді, егер болашақ 12 айдың төлемі болса.

Айта кету керек, соңғы екі жылдағы жарна көлемі әртүрлі. Себебі елімізде ең төменгі жалақы мөлшері өсті. Жеке кәсіпкерлігі жоқ адам ең төменгі жалақының 5 пайызын, ал жеке кәсіпкер 1,4-ке көбейткендегі ең төменгі жалақынының 5 пайызын ай сайын аударып отыруға тиіс.

Ал мемлекеттен берілетін көмектерден қағылмас үшін, жұмыссыз азаматтар ресми түрде тіркелгені жөн.

Олжас Омар, «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры:

Жұмыссыз ретінде егер статусымен, мәртебесімен мансап орталығына жүгінсе, ол әртүрлі мемлекеттік қолдауға бара алады. Ол қайта даярлау, оқыту. Осал топтарға грант бере аламыз 1 млн 400 мың жуық, жастарға кредит бар бізде 5 млн-ға дейін 2,5 пайызбен. Бұдан басқа егер кісі ресми түрде жұмыс істесе соңғы екі жылдың ішінде онда оған жұмыстан айырылған кезде төлемақылар бар.

Ресми түрде жұмыссыз болып тіркелген азаматтың екі қолға бір күрек тауып кетуі де оңай. Себебі олар жаңадан ашылған жұмыс орындарына орналасуына болады.


Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу