Депутат Қазақстан тарихы оқулықтарын қайта жазуды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат Қазақстан тарихы оқулықтарын қайта жазуды ұсынды

11.01.2024

Мектептердегі Қазақстан тарихы кітабын қайта жазу керек. Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Үкіметке осындай ұсыныс жасады. Оның мәліметінше, қазіргі оқулықта Қазақ хандығының қаланғандығы туралы нақты ақпарат жоқтың қасы. «Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толуы қазақ халқының шынайы тарихына маңыз беру үшін тамаша мүмкіндік болып отыр. Мемлекет басшысы таяуда « Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында осы айтулы датаны еске салғаны белгілі. Сондай-ақ мемлекеттілігіміздің тамыры тереңде жатқанын әйгілейтін ауқымды зерттеулер жүргізу маңызды екенін атап өтті. Сондықтан жаңа оқулықта Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс», - деді депутат.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Әрине ұлт тарихын білмеу қасірет. Алайда одан өткен үлкен қасірет бар ол – тарихты жаңылыс білу. Ұлттық санаға тарихи сана негіз болады десек бұрмаланған түсініктен қате таным қалыптасады. Сондықтан, тарихты дұрыс жазу және оқыту тарихты жасаумен бірдей өзекті. Биыл аяқталатын қазақстан тарихының көптомдығы Жошы ұлысына қатысты тың деректерді ұсынады деп үміттенеміз. Мектеп оқулықтары осы көптомдық негізінде қайта жазылғаны абзал.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу