Аягөзде әлеуметтік мәселе көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягөзде әлеуметтік мәселе көп

10.01.2024

Абай облысы, Аягөз қаласында әлеуметтік мәселе шаш етектен. Қаланы жылумен қамтамасыз ететін қазандыққа жедел түрде күрделі жөндеу қажет. Қолданыстағы нысан тозығы жеткен. Соның салдарынан, жылу мардымсыз. Шаһардың инфрақұрылымын дамыту да, өзекті болып тұр. Өңірде қоқыс пен ауыз су мәселесі де, жылдар бойы шешімін таппай келеді. Осы сынды толып жатқан түйткілдерді аудан тұрғындары Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновпен болған кездесуде көтерді. Депутат Аягөздегі 2020 жылдан бері қолданысқа берілген тұрғын үйлерді аралап көрді. Тұрғындар баспаналарының сапасы сын көтермейтіндігін айтады. Мәжіліс депутаты Абай облысындағы аудан, ауылдарды аралап, халықпен кездескенде осы сынды толып жатқан түйткілдермен танысып, шешу жолдарын талқылады.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Тұрғын үйлер салынуда. Бірақ оның сапасының нашарлығын халық айтып жатыр. Қаражат ауылдарға ауыз сумен жабдықтауға бөлінген. Қаражаттың мақсатына сай жұмсалуы тексерілмеген. Объектілер аяқталмаған. Халық ауыз сусыз отыр. Осындай халықтың көтерген мәселелерін барлығын мен жазып алдым. Парламентке барғанда бұл мәселелер көтеріледі.


Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу