АҚШ-та 400 мыңнан астам үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та 400 мыңнан астам үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды

10.01.2024

АҚШ-тың орталығы мен шығысында боран мен нөсер жаңбыр миллиондаған тұрғынды әуреге салды. Қазірдің өзінде дауыл салдарынан 4 адам қаза тақан. Жалпы, үш күннен бері 12 штаттың 400 мыңнан астам үйі мен кәсіпорны жарықсыз отыр. Алдағы демалыс күндері қатты дауыл тұрып, аяз көтеріледі деп ескертті ауа райын болжау орталығы.

Тіпті, 17 млн-нан астам адам тұратын елдің оңтүстік-шығысында торнадо қауіпі күшейді. Қазірдің өзінде Флорида, Алабама және Джорджия штаттарында ұзын саны 12 торнадо тіркелген. Шығыс жағалауда орналасқан бірнеше ірі шаһарда, оның ішінде ел астанасы Вашингтон мен Нью-Йоркта толастамай тұрған жауын шашын салдарынан су тасқыны болуы мүмкін. Ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе компаниялары бір күннің ішіне 1000-нан астам рейсті кейінге шегерді.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу