Ақтөбеліктер үш күн бойы жедел жәрдем қызметін пайдалана алмай әуреге түсті. Өйткені 103 номеріне хабарласу мүмкін болмаған. Басы ауырып, балтыры сыздаған жұрт дәрігерлерді 112 және 109 номерлері арқылы ғана шақыруға мүмкіндік алды. Жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, желіге кибер шабуыл жасалған.
«Жедел жәрдем» шақыра алмай, әуре-сарсаңға түскендердің бірі - Базаргүл Қалмағамбетова. Болмағасын ауырып жатқан жақынын өз көліктерімен емханаға әкелуге мәжбүр болған.
Базаргүл Қалмағамбетова, қала тұрғыны:
Екі күннен бері шақырып жатырмыз. Алмайдыц скорый. Телефон көтермейді, келу былай тұрсын. Амалымыз жоқ, туысымыз ауырып қалып, өзіміз алып келдік.Тіпті мейрамдардың өзінде солай.
Жедел жәрдем желісі өткен жұма күні, кешкі сағат алтылдардың шамасынан бастап жұмыс істемей қалған. Сенбі, жексенбі күндері де кешкі уақытта облыс бойынша байланыс болмады. Тығырықтан шығу үшін тұрғындарға дәрігерлік көмекті 112 және 109 номерлері арқылы шақыру керектігі ескертілді.
Марат Жанқұлов, облыстық жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері:
Сол жаққа өзіміздің диспечерлерімізді жіберіп, шақырыстардың бәрін сол жақтан қабылдадық.Өте қиын болды.Қиыншылық, енді «Кол центрй жұмыс істемегесін түсінікті ғой енді.Қабылдау болмағасын, халықа қиын. Бізге түсу де қиын болды ғой.
Ал байланысқа жауапты «Транстелеком» акционерлік қоғамының өкілдері желіге кибер шабуыл жасалды, - дейді. Алайда, оны кімдердің ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Қазір тексеру амалдары жүріп жатыр. Жалпы, күніне облыс бойынша жедел жәрдем қызметіне мың жарымнан астам қоңырау түседі екен.
Қанат Сырлыбаев, «Транстелеком» АҚ филиалының бизнесті дамыту жөніндегі директоры:
«Транстелеком» серверіне атака болып, именно 103 қызметіне бөлінген статистикалық айпу адрестерді блоктау арқылы барлық балйаныс қызметтері жұмыс жасамады. Оны қазір біз нақты айта алмаймыз. Өйткені жұмыс жүргізілуде. Бәрін қарап жатырмыз. Бірақ қазір осы 103 қызметіне бөлінген “ip” адрестер ауыстырылды».
Жақсыбек Кемал, тілші:
Бүгін жедел жәрдем қызметі қалыпты жұмыс істеп жатыр. Жуырда медицина мекемесімен келісім шартқа отыратын байланыс операторы ауысуы мүмкін. Алайда, бұл мәселенің қайталанбауына ешкім кепілдік бермейді.
Жақсыбек Кемал