Қазақстан халқының саны 2023 жылы 20 милионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқының саны 2023 жылы 20 милионнан асты

08.01.2024

Қазақстан халқының саны 2023 жылы 20 милионнан асты. Демогроф мамандар елде демографиялық көрсеткіштің жақсы екенін айтады. Тек Шығыс Қазақстан облысында былтыр 8 мыңнан астам сәби дүниеге келді. Бұрын бала туу ауылда жоғары болса, соңғы бес жылда қаладағы көрсеткіш те жақсарған. Бұл үрдісті әлеуметтанушылар ішкі көші-қон яғни қала тұрғындарының қоныстану тығыздығымен де байланыстырады. 

Ырысжан Зәріпова екінші сәбиін дәл жаңа жыл түні дүниге әкелді. Енді перзентханадан шығар алдында дәрігер нәрестені қарап жатыр. Жас ана былтырдан бері елімізде бала күтіміне байланысты берілетін декреттік демалыстың ұзарғанына қуанып отыр.

Ырысжан Зәріпова, қала тұрғыны:

Бұрын бір жылға ақша төленіп отырса қазір бала күтіміне байланысты бір жарым жылға өсіріпті. Сол өте қолайлы деп ойлаймын ата-аналарға. 1,5 жыл үйде отырғаннан кейін ар жағында 6 айдан кейін баланы балабақшаға апарса болады. Балабақша жасына жетіп қалады.

Өңірде соңғы төрт жылда бала туу көрстекіші айтарлықтай өскен. 2020- жылы 22 514, 2021-де 23061, ал 2022-де 8731, 2023 жылы 8172 нәресте дүниеге келген.

Гүлнар Қайратқызы, гинеколог-дәрігер:

Осы жаңа жыл басталғалы бері біздің орталықта 81 бала дүниге келді. Қазіргі таңда ана мен балалардың денсаулықтары бәрі жақсы. Өлім көрсеткіштері жоқ деп айтуға болады. Осы соңғы екі жылда.

Дамыған елдерде экономикалық өсім мемлекеттің халыққа жасайтын қамқорлығымен өлшенеді. Сондықтан мемлекет көпбалалы отбасылардың ұпайын ұдайы түгендеп келеді. Бірінші қаңтардан бастап жәрдемақы тағы 7 пайызға өсті.

Эленеора Столярова, Социология ғылымдарының кандидаты:

Соңғы 20 жылда елдегі жалпы демография тұрақты өсумен болды деп нық сеніммен айтуға болады. Оған негізгі екі фактор әсер етті. Біріншісі туу көрсеткіші, екіншісі көші-қон. 2023-жылы 20 миллионға жеттік. Бұл көрсеткішке жас сәбилердің өмірге көп келуі нәтижесі. Соңғы жылдары қала халқының саны көбейіп келеді.Оған ішкі тұрақтылық та әсер етеді. Бірақ кез-келген елде демография үнемі өсіп тұрмайды. Ол табиғи құбылыс. Ал Қазақстан осы үрдістен жаңылмаса біртіндеп өсе береміз.

Өсе беруі үшін әлеуметтік сала әлі де әлденуі тиіс. Сонда ғана демографиялық ахуал оңалмақ. Яғни елдегі туу көрстекіші неғұрлым жоғарлаған сайын мемлекеттің адами әлеуеті де соғұрлым арта бермек.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу