Қазақстан сыртқы саясатын ұқыпты әрі тиянақты жүргізіп келеді – Уайлдер Алехандро Санчес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан сыртқы саясатын ұқыпты әрі тиянақты жүргізіп келеді – Уайлдер Алехандро Санчес

08.01.2024

Қазақстан әлемдік күрделі экономикалық-саяси ахуалға қарамастан сыртқы саясатын ұқыпты әрі тиянақты жүргізіп келеді. Мемлекет басшысының «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатына қатысты пікір білдірген америкалық сарапшы Уайлдер Санчес осылай дейді.

Уайлдер Алехандро Санчес, «Second Floorstrategies» консалтингтік фирмасының президенті:

Қазақстан өзінің көп векторлы сыртқы саясатымен белгілі. Президент Тоқаевтың сұқбатынан бұл ұстамының эволюциясын аңғардым. Мұны көп векторлы сыртқы саясат 2.0 деп атасақ болады. Қазақстан қазіргі қиын геосаяси сын қатерлерді сауатты еңсеріп қана қоймай оны мүмкіндік ретінде де пайдаланып келеді. Ресей және Қытаймен байланыстарын сақтай отырып, АҚШ, Европа секілді батыс елдерімен сауда саттықты тереңдетіп жатыр. Оған транскаспий дәлізінің қарқынды дамып жатқаны дәлел.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу