Жамбылда әкімдікке қарасты мекеменің басшылары мемлекет мүлкін талан-таражға түсірген
Жамбылда әкімдікке қарасты мекеменің басшылары мемлекет мүлкін талан-таражға түсірген. Талас ауданының тазалығына жауапты «Таза-Талас» кәсіпорнының басшылары өздерінің қызметтік көліктерін бөтен біреулерге заңсыз сатып жіберген. Коммуналдық мекеменің 44 жастағы директоры мен 59 жастағы орынбасары ақша жымқырудың арнайы жоспарын сызған. Сөйтіп, 5 жылдан бері теңгерімде тұрған төрт көлікті заңсыз есептен шығарады. Арнайы аукцион өткізбей жарамсыз көлік ретінде жалған құжаттарын жасап, сатып жібереді. Прокурорлар жалпы құны 17 млн теңгені құрайтын «КИА спортейж», «КИА Каденза» және «Приора» автокөлігін мекемеге қайтарды. Ал 5 млн теңге тұратын төртінші көлікті қайтару шаралары жүруде. Мекеме басшылары «жымқыру» және «қызметтік жалғандық» бабы бойынша қамауға алынған. Олардың қылмысы дәлелденсе, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17