Ақтөбе облысында екі оқушы мен мұғалімнің өліміне қатысты жүргізілген қызметтік тексерістің нәтижесі жарияланды
Ақтөбе облысында екі оқушы мен мұғалімнің өліміне қатысты жүргізілген қызметтік тексерістің нәтижесі жарияланды. Темірастау орта мектебінің директорына «қатаң сөгіс» берілді. Ал, Ырғыз ауданы білім бөлімі басшысына «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Еске салайық, қайғылы оқиға 19-ыншы желтоқсан күні болды. Бес оқушы мен бір мұғалім Жаныс би аулынан аудан орталығына пәндік олимпиадаға қатысуға бара жатқан. Олар мінген «Тойота-Альпард» маркалы көлік Құрылыс ауылының маңында қарсы бағытқа шығып кетіп, "Volvo" жүк көлігімен соқтығысқан еді. Үш адам сол жерде қайтыс болды. Қалған үш оқушы аудандық ауруханаға, кейін облыс орталығына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, қазір олардың жағдайы жақсы, үйлеріне жіберілген. Көлікті тізгіндеген тағы бір мұғалім қамауға алынған болатын. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Ал, мектеп директорының неліктен қызметінен шеттетілмегенін облыстық білім басқармасының басшылығы түсіндіріп берді.
Нұргүл Бертілеуова, Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары
«Қазір қызметінде. Ал оны қызметінен шеттетуге қазір бізде негіздеме жоқ. Еңбек инспекциясы тарапынан ақпарат алып отырмыз, тек ол прокуратура және полиция органдарының қозғаған ісінің шешімімен ғана қызметтен шеттету бола алады».
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17