Шымкентте қылмыстық схема әзірлеген полиция қызметкері сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қылмыстық схема әзірлеген полиция қызметкері сотталды

05.01.2024

Шымкентте халыққа әлеуметтік тұрғын үйлерді беруде заңсыз әрекеттер жасаған полиция қызметкері сотталды. Көші-қон полициясында жұмыс істеген шенді қылмыстық схема әзірлеп, тұрғын үй алуға ниетті 16 азаматтың мекен жайға тіркелу мерзімін өзгерткен. Тергеу барысында оған қызмет барысында жалған іс-әрекет жасады деген айып тағылды. Сот шешімімен 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалалық прокуратура қазір бұдан басқа тағы 147 азаматтың мекен-жайға жалған тіркелуі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Алдағы уақытта осындай әрекеттерді болдырмау үшін мегаполисте тұрғындарды тіркеуге алудың автоматтандырылған сервисі енгізілді. Ол азаматтарды жалған есепке қоюды болдырмайды және негізсіз өтінімдерді реттеуге мүмкіндік береді, - дейді мамандар.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу