Елімізде мемлекеттік сатып алу заңнамаларын қайта қарап, бірқатар өзгеріст еңгізілуі мүмкін. Қазіргі таңда заң жобасы Парламент мәжілісінің қарауында. Талдықорғанға іссапармен барған Мәжіліс депутаттары сол заң жобасында ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар жайлы түсіндірді. Облыс орталығындағы бірқатар өндіріс орнын аралаған депутаттар, орта және шағын бизнес өкілдері мемлекеттік сатып алу саласында әлі де кемшіліктер көп екенін анықтаған. Атап айтқанда мемлекеттік тапсырысты ұтып алып, жұмысты уақытында орындамай жатқандар көбейген. Бұл мемлекеттен бөлінген қаржының дұрыс игеріліп, әлеуметтік нысандардың тапсырылуына кедергі келтіріп жатыр. Депутаттар мәселені жан-жақты қарап, жыл ортасында маңызды құжат қабылданатынына сенім білдірді.
Руслан Қожасбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бүкіл Қазақстан бойынша әр саладан осы жұмыс тобына кірген көп специалистер бар. Жақында, июльге шейін осы заңды міндетті түрде шығару керек.
Қуаныш Қанатұлы