Ауғанстанда жер сілкінісі құрбандарының саны 1150-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда жер сілкінісі құрбандарының саны 1150-ге жетті

24.06.2022

Ауғанстанда жер сілкінісі құрбандарының саны 1150-ге жетті. Мұны «Талибан» билігі бүгін хабарлады. Қазір Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қызыл Крест елдің Пәкістанмен шекаралас Пактика және Хост провинцияларына гуманитарлық көмек жеткізіп жатыр. Сонымен қатар, азық-түлік, дәрі-дәрмек пен өзге де қажетті заттар тиелген ұшақтар Иран, Пәкістан, Үндістан мен Катардан да жетті. 38 миллион тұрғыны бар Ауғанстан онсыз да ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамынша, жыл соңына дейін халық жаппай кедейшілікке душар болып, жұмыссыздық деңгейі 40 пайызға жетуі мүмкін. Ауғанстанда қуаты 6,1 баллдық зілзала сәрсенбі түн ішінде, ел ұйқыда жатқанда болған еді. 3 мыңдай үй қирап, мың жарымнан аса адам жараланды.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу