Шымкентте электромобиль құрастырыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте электромобиль құрастырыла бастады

29.12.2023

Шымкентте электромобиль құрастырыла бастады. Жергілікті инженер-конструкторлар құрастырған жаңа техникаларды аймақ ғалымдары ғылыми тұрғыда негіздеп жатыр. Жоба патенттелген соң, мегаполисте электр қуатымен жүретін трактор мен автобус, жүк таситын және жол талғамайтын көлік шығарылады.

Электромобильдердің ерекшелігі қозғалтқышты іске қосқанда бірден күш алады. Қозғалтқышты батареялар алмастырғандықтан, астынан ешқандай артық дыбыс естілмейді. Және салон іші бірден жылынады. Көлік биік өрге де қиналмай көтеріледі. Бір циклдағы қуаты 250-300 шақырымға жетеді.

Ерлан Рахметуллаев, жобаның бас инженері:

Артықшылықтары ДВС бензин маторлардың майы, суы жоқ деген проблемадан құтыласыз. Маторлары, аккумляторары кем дегенде 20 жыл жұмыс істеп береді. Бұзылатын көп нәрсесі жоқ. Өте қарапайым. Шетелде білім алған жас инженерлер осы кезге дейін 7 ескі автокөлікті электрмен жүретін етіп жабдықтап шықты. Алғашында «Фольскваген «Гольф» көлігінен бастаған олар кейін БМВ, Ролс Ройс, Форд маркаларын да конвертация жасады.

Ғани Қалмаханов,тілші:

Ғалымдар электромоблилден бөлек мынадай 3 доңғалақты электроцикл да құрастырып қойды. бұл негізінен шарушалықтарға өте қолайлы. Бір тоннаға дейін жүк тасымалдай алады. Мұнан бөлек өндіріс пен кәсіпорындарда ішінде қосалқы бөлшектерді алып жүруге де ыңғайлы.
Инженерлердің осы жаңашылдығын ғылыми тұрғыда негіздеп, паттентеу ісімен енді Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу институтының ғалымдары айналысуда. Қазір инновациялық жобаның тұжырымдамасы әзірленуде.

Ұланбатыр Сүлейменов, жоғары оқу орнының ғылыми және инновация жөніндегі проректоры:

Жасалған жаңа шешімдердің бәрі қорғалмаған. Соны біз өзімізде авторлық құқықтарды қорғау үшін барлық жұмыстары патенттейміз біріншіден. Екіншіден, авторлық куәліктер алып, конструкторлық құжаттарын, серияға өткізетін тәртібіне келтіру.

Тың жоба еліміздегі ғылым қоры арқылы қаржыландырылады. Университет базасында машина құрастыратын жаңа зертхана жабдықталмақ. Ал электромобильдерді коммерцияландыру, яғни өндіріске қою ісі келер жылға жоспарланып отыр.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу