Петропавлда пилотсыз ұшатын аппараттар құрастырыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда пилотсыз ұшатын аппараттар құрастырыла бастады

23.08.2023

Петропавлда пилотсыз ұшатын аппараттар құрастырыла бастады.

Техниканың алғашқы үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Шағын ғана ұшақты түрлі салада пайдалануға болады. Әзірге оның 4 түрі шығарылды. Жоба қытайлық мамандарымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Аталған құрылғы жер бедерін суретке түсіру кезінде жоғары дәлдікке ие. Дала өртінің ошағын автоматты түрде анықтайды. Сондай-ақ барлау жұмыстарына пайдалануға болады. Пилотсыз ұшатын аппарат әуеде алты сағат жұмыс істей алады. Болашақта мұндай дрондардың 27-і түрін өндіру жоспарлаған.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу