Ақтауда қатты желден ғимараттың шатыры ұшты
Ақтауда қатты желдің салдарынан балабақшаның шатыры ұшып кетті. Ол жанында тұрған көліктердің үстіне құлап, бірнешеуін зақымдаған. Оқиға түнде болды. Аймақта желдің жылдамдығы секундына 21 метрге дейін жеткен. Сол уақытта үшінші шағын ауданда орналасқан жеке балабақшалардың бірінің шатыры жұлынып, 6 көлікті басып қалған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Осы кезде теңіз жағалауындағы жаңа жылдық шырша да құлаған.
Тұрғын үйлер жарықсыз қалды
Атырауда да қатты желдің салдарынан бірқатар тұрғын үй жарықсыз қалды. Бағдаршамдар істен шығып, ғимарат шатырлары ұшты. Кей жерлерде жарық бағаналары үй-жайларға құлаған. Жеке тұрғын үйлерде жылыту қазандықтары тоқпен жұмыс істейтіндіктен, қара суықта халық жылусыз отыр. Апат салдарынан қаладағы 12 елді мекен мен шағын ауданның тұрғындары жарықсыз қалған. Осы жағдайға байланысты 14 бригада жарықты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, кеше түнге таман бірқатар абонентке жарық берілді. Дегенмен, әлі де 40-тан астам тұрғын үйде жарық жоқ. Айта кетейік, бүгін ел бойынша 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды. Кей облыстарда желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетуі ықтимал.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06