Қазақстанда креативті экономиканы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда креативті экономиканы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді

13.12.2023

Қазақстанда креативті экономиканы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін арнайы қор құрылмақ. Кейін қай өңірде қандай бағыттарға басымдық берілетіні нақтыланады. Осылайша, кино, музыка, қолөнер тағы басқа салалар дамытылып, экспортқа да шығарылмақ. Бұл жұмыстарды жүргізуге біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы негіз болады. Бүгін салаға жауапты мамандар бас қосып, жұмыстардың алғашқы кезеңдерін талқылады. Болашақта креативті индустрияны өсіруге заңдық тұрғыдан да қолдау көрсетілмек.

Евгений Кочетов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары:

ЮНЕСКОмәліметі бойынша креативті экономика әлемдік жалпы ішкі өнімнің 3 пайызын құрайды. Әлемдік көшбасшылар жоғары нәтижелерге индустрия саласында жоспарлы қадамдармен келді. Мысалы Кореяда КОСА креативті агенттігі құрылды. Ұлыбританияда креативті индустриялар кеңесі құрылды. Ганконгта ганконг креативті үкіметтік агенттігі құрылды. Олар арнайы мемлекеттік бағдарламалар, тұжырымдамалар және басқа да тұжырымдамалық құжаттарды әзірледі. Сондай-ақ осы саланы дамыту үшін қорлар құрады.


Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу