СҚО-да ауыл тұрғындары үш күннен бері жарықсыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да ауыл тұрғындары үш күннен бері жарықсыз отыр

28.12.2023

Солтүстік Қазақстан облысының 20 ауылында 1 мыңға жуық отбасы жарықсыз отыр. Мамандар 3 тәуліктен бері ақауды жоя алмай жатыр. Өңірдегі электр желілерінің 95 пайызы тозған. Бір ай бұрын қатты дауылдан кейін 183 елді мекен жарықсыз қалған еді. Синоптиктердің болжамынша алдағы күндері тағы да бұрқасын болады.

Ерлан Қайырбеков, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Бірінші кезекті мектеп, балабақша, аурухана сынды әлеуметтік нысандар бақылауға алынды. Апаттық бригадалар жұмыс істеп жатыр. Ертең кешке дейін барлық елді мекендерге жарық беріледі деп ойлаймыз.

Ақмола облысында да қатты желдің кесірінен төрт ауылында екі жүзге жуық тұрғын үш күннен бері жарықсыз отыр. Қазіргі уақытта ақауды жою жұмыстары жүріп жатыр. Оған 3 техника мен 9 қызметкер жұмылдырылған. Айта кетейік, апат болған Зеренді ауданында электр желілері әбден тозып тұр. Осыған байланысты бірнеше жыл бұрын аймақта техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу