Ақтөбе облысында қоғамдық көліктердің тозығы жеткен
Автобус аз, жолаушы көп. Ақтөбеде қоғамдық көлік мәселесі шешілер емес. Әсіресе, соңғы күндері тұрғындардан шағым көбейген. Өйткені, автобустардың көбінің тозығы жеткен. Жолаушылар тасымалымен айналысатын төрт компанияның екеуінде техника жетіспеушілігі анықталып отыр. Мәселен, «Автопарк» серіктестігі күн сайын 173 көлік шығаруы тиіс болса, қазір тек 111 қоғамдық көлікті тұрғындарға қызмет көрсетуге жіберіп отыр. Шаһар басшысы адамдар жұмыстан қайтатын уақытта автобусқа мініп, жағдайды көзімен көрді. Ал автопарк басшылығы алдағы 2-3 апта ішінде жаңадан 30 автобус әкелуге уәде берді. Жыл соңына дейін тағы жетпісі келуі тиіс.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17