Биыл Павлодар облысында кәсіпті дамытуға басты назар аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Павлодар облысында кәсіпті дамытуға басты назар аударылды

28.12.2023

Биыл Павлодар облысында 692 шақырым жол жөнделді. Бұл туралы жергілікті әкімдік хабарлады. Аймақта осы жылы пилоттық режимде блоктық бюджет элементтері енгізілді. Нәтижесінде қалалар мен аудан әкімдеріне көптеген өзекті мәселелерді жергілікті жерлерде дербес шешу мүмкіндігі пайда болды.

Өңір бойынша жыл басынан бері 28 600 жұмыс орны құрылды. Биыл шағын және орта бизнесті, оның ішінде ауылдық жерлерде кәсіпті дамытуға басты назар аударылды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыздық несие алған 168 жас азамат өз ісін ашты. Облыста жалпы сыйымдылығы 65 мың тоннаны құрайтын 6 көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды. Білім беру саласында да оң өзгерістер байқалды. Железин, Баянауыл және Павлодар аудандарында 3 ауылдық мектеп салынды. Өңірде, жалпы, 54 мектеп толығымен жаңартылып, ауылдардағы шағын жинақты мектептердің балаларына арнап 46 автобус сатып алынды. 1-4 сыныптарда оқитын 44 800 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу