Қарағанды облысында тұрғындарға шапқан қасқырдан құтырма ауруы анықталды
Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында тұрғындарға шапқан қасқырдан құтырма ауруы анықталған. Бұл туралы Қарқаралы әкімдігі хабарлады. Қазір қалада ет және сүт өнімдерін сатуға, ит пен мысық көрмесін өткізуге және малды елдімекеннен тыс жерге шығаруға тыйым салынды. Бұдан бөлек, құтырмаға қарсы мал мен үй жануарларына жаппай екпе салу қолға алынды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ауылға қасқыр кіріп, таңертең ертемен жұмысқа бара жатқан үш адамға қасқыр шапқан еді. Осыдан соң көп ұзамай жартқыш аң іздеп табылып, атып өлтірілген болатын. Ал зардап шеккен үш азаматшаға тиісті медициналық көмек көрсетіліп, құтырмаға қарсы екпе салынып, олардың бәрі де үйлеріне жіберілген болатын.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06