Мейрамбек Бесбаев: «Музарт LIVE»  жобасына үміткерлердің таланттарына жан-жақты баға берілді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейрамбек Бесбаев: «Музарт LIVE»  жобасына үміткерлердің таланттарына жан-жақты баға берілді (ВИДЕО)

07.06.2016
Мейрамбек Бесбаев: «Музарт LIVE»  жобасына үміткерлердің таланттарына жан-жақты баға берілді (ВИДЕО)

«Музарт LIVE»  жобасы бойынша 10 мамырдан 25 мамырға дейін Астана, Алматы, Атырау, Шымкент және Өскемен қалаларында іріктеу өтті. Нәтиже көңіл көншітерлік. Топ мүшелері өнердегі ізбасарларының көп болғанына қуануда.

 «Астана қаласынан 16 адам өтті. Шымкенттен 8 өнерпазды алдық. Таланттарына жан-жақтан қарап, көңілімізден шыққандарын келесі кезеңге қалдырдық», дейді топ мүшесі Мейрамбек Бесбаев.

Байқауға қатысушылар арасында жоба шартын дұрыс түсінбегендер де кездесті. Тіпті, жігіттер ғана қатысады деп бекітілген жобаға өтініш білдірген қыздар да болған.

Байқауды қолға алудағы басты себеп - әр өңірдегі өнерлі жастардың топ мүшелерінен тәлім алып, сахна майталмандарына шәкірт болуға деген ұмтылыстары.

Үшінші кезеңге жолдама алған 60 үміткер «МузАрт» тобынан бөлек, енді білікті имиджмейкер-стилистермен, талапшыл вокалистермен және дизайнерлермен жұмыс істейтін болады.

Тележоба алдағы уақытта көрермендерге Ұлттық арна эфирінен жол тартады.

 

 

Хабарламаларға жазылу