Жалған мәлімет таратқан блогерлерге қатысты 150 оқиға тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалған мәлімет таратқан блогерлерге қатысты 150 оқиға тіркелген

26.12.2023

Жалған ақпарат таратқан инфлюЭнсерлер мен блогерлерге қатысты қыркүйек айынан бері150 оқиға тіркелді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі мәлім етті.
Шілденің онында қабылданған «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заңға сай, құқық бұзушылықтар анықталып, дәлелденсе, жауапқа тартылған азаматтар 20-дан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айпыппұл төлеуі тиіс. Ал егер бір жыл ішінде оқиға қайталанса, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.

Аида Балаева келер жылы бірнеше қалада креативті индустрия орталығы құрылатынын да хабарлады. Хабтар алдымен Астана, Алматы және Шымкентте ашылады. Себебі инфрақұрылымдары дайын. Ал енді өңірлер мен шалғай елді мекендерде мұндай орталықтарды ашу үшін үйлестіру жұмыстарын пысықтау қажет.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Креативті индустрияның орталықтарын құруды мынау біздің казпочта деген ұйым бар емес пе олар енді шалғай аудандарда да филиалдарының кішігірім болса да ғимараттары бар. Соның жаңағы базасында да ұйымдастырамыз ба деп отырмыз. Бұл енді экономиканың бір жаңа бағыты боп отыр ғой. Сондықтан министрліктің жанынан арнайы департамент құрылды.
Министр дін саласында атқарылған қызметтерді де атап өтті. Жыл басынан бері елімізде діннің атын жамылып, экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 14 мыңнан астам заңсыз материал жойылып, бұғатталған. Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі радикалды діни топтардан 20 мыңнан астам адам алшақтатылды.

Хабарламаларға жазылу