Биыл елімізде 10 700 шақырым жол жөнделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізде 10 700 шақырым жол жөнделді

26.12.2023

Биыл елімізде республикалық және жергілікті маңызы бар 10 700 шақырым автөкөлік жолы жөнделді. Көлік министрі Марат Қарабаевтың мәлімдеуінше, негізгі күш 4-5 жылдан бері құрылысы ұзаққа созылып кеткен жобаларды аяқтауға бағытталды. Нәтижесінде Талдықорғаннан Өскеменге, Қарағандыдан Алматыға дейін және Ақтөбеден Қандыағаш, Атырау арқылы Астраханьға дейінгі негізгі жолдар қамтылды. Қазір теңіз инфрақұрылымын дамыту үшін бірқатар маңызды жоба пысықталып жатыр. Құрық портында Abu Dhabi Ports компаниясымен бірлескен астық терминалы іске қосылды. Ал отандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушы саны 23 пайызға артып, 13 млн-ға жуықтаған. Жыл басынан бері Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалдау көлемі 895 млн тоннаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,9%-ға артық. Сондай-ақ теміржол саласында 3 мегажобаны іске асыру басталды.

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

Олар: бірінші, Дарбаза–Мақтаарал Орталық Азия бағытында өткізу қабілетін 10 млн тоннаға арттыратын жаңа жоба. Екінші – Алматы торабын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы. Бұл Алматы станциясы арқылы жүктерді жеткізу мерзімін 24 сағатқа қысқартады. Үшінші бағытта Аягөз жаңа теміржол жүйесі бұл Қытай бағытында қазақстандық инфрақұрылым өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу