Қажымұқанның қанжары ұлттық музейге табысталды
Бұл – Қажымұқан Мұңайтпасұлына тиесілі құнды жәдігердің Ұлттық музей қорына салтанатты түрде табысталу сәті. Осыған дейін жекелеген адамдардың қолында болған рухани қазынаны енді кез келген адам тамашалай алады. 111 жылдық тарихы бар «Жамбы» қанжарын қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуанға Стамбұл қаласының хакімі Шағыр паша сыйға тартқаны мәлім. Оған қанжардың жүзіндегі жазба дәлел. Сол жағында «Күшті, жеңілмейтін Мұңайтпасұлы Мұқанға», ал оң жағында «Бізден, қажылықтан естелік, Шағыр паша, 1330 жыл» деп жазылған.
Ардақ Назаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біздің тарихшылардың өзі айтты. Сол кезде Қажымұқан атамыз Стамбұлда күрескен. Одан кейін Шағыр паша ол кісіні көріп, тәнті болған. Қазақ екенін, мұсылманның баласы екенін көрген кезде Шағыр паша оны қажылыққа бірге апарған. Оған дейін Мұқан Мұңайтпасұлы деп айтылған болса, қажылыққа барып келгеннен кейін Қажымұқан, яғни қажыға барып келген деген ат қосылды.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
24.07.2026, 20:36
Тұңғыш драматург жайлы алғашқы жинақ шықты
24.07.2026, 20:34
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 20:31
Қызылорда облысының Шиелі ауданында жастар саябақты тазалап, игі іске жұмыла атсалысты
24.07.2026, 20:27
Алматы жетекші гастрономиялық орталықтардың біріне айналды
24.07.2026, 20:25
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 1 059 медаль жеңіп алды
24.07.2026, 20:22
Алматыда жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті
24.07.2026, 20:19
Ресейде қор нарығы құлдырап, бағалы қағаздар құнсызданды
24.07.2026, 20:19