Ақтөбе облысында өрттен 14 адам құтқарылды
Ақтөбе облысында өрттен 14 адам құтқарылды. Оқиға Алға қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде болған. Құтқарушылар келген кезде үшінші қабаттағы пәтерлердің бірі жанып жатқан. Мамандар жоғарғы қабаттарда қалып қойған 14 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Ал Хромтау ауданында жүк көлігінің тіркемесі өртенді. Оның ішінде түрлі бояулар мен шағын газ баллондары болған. Бұл жақын маңдағы көліктер мен адамдарға да қауіп төндірді. Дегенмен, ешкім зардап шеккен жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті соңғы кезде көлікте болатын өрт оқиғалары жиілегенін жеткізді.
Нұрхат Қалдыбаев, өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары:
Ағымдағы жылдың 11 айында статистика бойынша Ақтөбе облысында 491 өрт тіркеліп отыр.Оның ішінде 267-сі тұрғын үй секторында, 156-сы көлікте тіркелген.Өрт кезінде он адам қаза тапты, 12 адам жарақат алып отыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28