Ақтөбеде құтқарушы сот алдында жауап беріп жатыр
Ақтөбеде жұмысына салғырт қараған құтқарушы сот алдында жауап беріп жатыр. Ол көмек сұрап хабарласқан баланың сөзін елемеген.
Бұл оқиға биыл наурыз айында болған еді. Шаһардағы пәтерлердің біріне балкон арқылы кірген қылмыскер 13 жастағы Софияның анасы мен ағасын пышақтап өлтіріп, артынша өзіне тап берген. Пышақ жарақатын алған жасөспірім 112 қызметіне хабарласқан. Тұтқаны көтерген кезекшінің көмекшісі оның сөзіне сенбей, тіпті, ойнап, қоңырау шалмау керектігін ескерткен. Тек арада бір сағатқа жуық уақыт өткенде қайта хабарласып, көмек сұрағанда ғана жедел жәрдем жіберген. Бұл ауыр қылмысты жасаған күдікті ұсталып, кейін абақтыда өзіне қол салып қайтыс болды.
Әсел Таналиева, Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісі:
Игнатьева пышақ жарақатын алған соң 112 номеріне бірнеше рет хабарласқан. Қылмыскер ағасын өлтіріп, өзіне пышақ жарақатын салғанын және тұншықтырғанын айтқан. Алайда оған кезекші көмекшісі сенбей, ешқандай шара қолданбаған.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17