Зульфия Чиншанло 8 жылға спорттан шеттетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зульфия Чиншанло 8 жылға спорттан шеттетілді

22.12.2023

Әлемнің ең үздік ауыр атлетіне баланған Зульфия Чиншанло спорттан 8 жылға шеттетілді. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік спортшыға допинг қолданды деген айып тағылды. Айта кетейік, Чиншанло 2012 жылы Лондон Олимпиадасында қоссайыс қорытындысы бойынша чемпион атанған болатын. Алайда, допинг қолданғаны дәлелденіп, алтын медальдан айырылып қалды. Сондай-ақ 2016-2018 жылдары барлық санаттағы жарысқа қатысу құқығынан айырылды. Спорттан шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін спортшы Токио Олимпиадасына қатысып, 55 келі салмақта ел қоржынына қола медаль салған болатын.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу