Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматованың кітабы жарық көрді
Алматыда қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматованың өмірі, еңбек жолы мен шығармашылығына арналған -- «Өмір өтіп барады көрген түстей...» атты кітабының таныcтырылымы өтті.
Туындының тұсаукесер рәсіміне телевизия ардагерлері, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұжымы және бірқатар баспаның басшылары қатысты. 103 жастағы Зұлқия Жұматованың өзі де келді. Бірнеше тараудан тұратын кітап – телевизия ардагерінің өмірі, еңбек жолы мен шығармашылығына арналған. Жинақтың шығуына мұрындық болғандардың сөзінше, негізгі мақсат - теле-өнердің дамуына өлшеусіз үлес қосқан дикторға көзі тірісінде құрмет көрсету. Телевизияның қиын кезеңдері мен жарқын шақтарында бірге болған әріптестерінің әсерлі әңгімелерін өскелең ұрпаққа насихаттау. Пешенесіне тұңғыш диктор болу бақыты жазылған Зұлқия Жұматовтың ғұмыры барлық буын өкілдеріне өнеге. Ардагер пейілі кең, адамдықтан аттамаған адам көп жасайды дейді.
Зұлқия Жұматова, қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы:
Ашаршылықта, жетімдікте, жесірлікте бәрін бастан кешірдім. Көп жасадым, көп білдім, көп көрдім. Біздің қазақ еліндей ел жоқ. Бұл ерекше ел. Бағалаңыздар! Ал енді, осы кітапты ұйымдастырған редакторларға, бәріне-бәріне менің жасымды берсін!
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22