БҰҰ Семей өңірін оңалту қарарын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Семей өңірін оңалту қарарын қабылдады

21.12.2023

БҰҰ Бас ассамблеясы Қазақстан бастамашылық еткен Семей өңірін сауықтыру мақсатындағы қарарды қабылдады. Құжат облыстағы халықты оңалту, қоршаған ортаны қалпына келтіру және экономиканы дамыту мақсатындағы әрекеттерді үйлестіру бойынша Қазақстанға көмек беруге шақырады. Бұл -- БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей өңіріне арналған он бірінші қарары. Оның алғашқысы 1997 жылы қабылданды. БҰҰ-ның 85 мүше-мемлекеті қарардың бірлескен авторлығына қосылды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу